Армысың, әз-Наурыз!

31.04.2018ж наурыз айының соңғы күнінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО дейінгі білім беру факультеті, соның ішінде колледж оқытушылары мен студенттерінің "Армысың, әз-Наурыз!" атты наурыз-думан мерекелік концерті өтті. Наурыз мерекесімен құттықтап университетіміздің бірінші проректоры М.М.Бүркітбаев, ҚР ҚХР бас консулы Чжан Вэй, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы қалалық филиалының директоры А.М.Мақұлбекова, Конфуций институты қонақта болып өздерінің ізгі тілектері мен құттықтауларын жеткізді. Мерекеде студенттер өздерінің тамаша өнерлерін ортаға салды. Қонақтарды өзінің «Наурыз думан» және «Бұлбұл» әндерімен таң қалдырған колледждің 3-курс студенті Тураева Наргиза болды.

Басылым күні :  02.04.2018