«Өнер әлемінің көктемі» атты «Студенттік көктем-2018» көркемөнерпаздар байқауы

15.03.2018ж Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында дәстүрлі түрде өтетін «Өнер әлемінің көктемі» атты «Студенттік көктем-2018» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Барлық факультеттер арасында өтетін байқауда колледж студенттері өз шеберліктері мен таланттарын паш етті. Мұнда өнерпаздар түрлі халық биі, вокал, эстрада, заманауи классикалық би, кешті жүргізу шеберлігі, ерекше өнер, авторлық шығармашылық сынды өнер түрлерінен бақ сынасты.  Байқауда елімізге белгілі өнер жұлдыздары қазылық етті. Колледж студенттері «Ең үздік вокал және эстрада» номинациясы бойынша 3-орынды, «Ең үздік би» номинациясы бойынша 3-орынды, ал «Ең үздік музыкалық аспаптарда ойнау» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді.













Басылым күні :  28.03.2018