Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовпен кездесу

16.02.2018ж «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, бокстан республикалық Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимовпен факультеттің кіші мәжіліс залында студенттердің кездесуі өткізілді. Кешке колледждің 2-курс студенттері қатысты. Боксшы, спортшы Ермахан Ибраимов студенттерге білім мен спортты қатар алып жүруді кеңес етті. Білім алушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берген соң, кеш соңында естелік ретінде сый-сияпат көрсетілді.

Басылым күні :  21.02.2018