Тіл мерекесі

 

2017 жылдың 20 қыркүйек күні колледжде дәстүрлі Тіл мерекесі атап өтілді. Аталған күнді 1998 жылы 20 қантарда елбасымыз Н. А. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.

Мерекелік іс-шара барысында өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің жетік меңгергенін паш етті. Сондай-ақ білім алушылар тілдің құдіретін дәлелдейтін көріністер мен өлең шумақтарын оқыды. Орыс топтары жалпы тілді шұбарлауға болмайтыны жөнінде әзіл түрінде көрініс дайындады. Ал «Аударма ісі» тобының білім алушылары Шекспирдің сонеталарын оқып, итальян жазушысы Джакомо Пуччинидің «Баттерфляй» операсынан үзінді қойып, көрермендерді таң-тамаша етті.

Іс-шарада білім алушылар қазақ тілінде «Абай» кітабын, орыс тілінде Л.Н. Толстойдың, ағылшын тілінде Шекспирдің кітабын сомдады.  Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!-демекші,  «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген Абайдың тіл туралы толғанысына үңіле отырып, оны орыс жазушысы Л.Н. Толстой мен Шекспирдің пікірлерімен салғастырды.

Елбасымыздың  «Үш тұғырлы тіл» саясаты  біздің колледжімізде жалғасын табуда, соның бір айғағы ретінде  үш тілде өтетін әдеби әлемге саяхат жасалды.

         Мерекелік іс-шараның тағы бір ерекше кезеңі – ол колледждегі ардагер ұстаздардың – Р.Б. Каупенбаева, Ч.А. Мадиярова, М.А. Кенебаева, А.Ш. Әсембаеваның орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде құттықтау айтып, ән шырқауы. Осылай кеш әрі қарай ән және бимен өрілген мерекеге айналды.

Іс-шара орыс, корей және қазақ билерімен көмкеріліп, соңында өзге ұлт өкілдерінің бір шаңыраққа топтасқан, бірлігі мен келісімі жарасқан ел екенімізді танытатын көрініспен аяқталды.

 

Басылым күні :  25.09.2017