Білім күні

 

 

 

 

         2017 жылдың 04 қыркүйегі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде «Білім күні»  тарихы терең, тәуелсіз еліміздің еркін өмір көшіндегі «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» атты тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынға қонақ ретінде Заң факультеті деканының  орынбасары Умбетов Мадияр Нурдаулетович, «Қазақстан аудармашылар одағы» төрағасының орынбасары, бизнес-тренер Ержан Ауэльге (Mr.Alans), ата-аналар атынан Ем Наталья Борисовна қатысты. Салтанатты жиынды  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы мен колледж директоры Нурканова Райхан Оразбековна жаңадан табалдырық аттаған білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап,  жаңа белестерді бағындыруға тілектес екенін білдірді.

         Жастарға еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтатқан егемен еліміздің келешегі екенін, ел бірлігін ойлайтын, өз отанын қорғайтын, болашақ қазақ патриот азаматы екенін атай келе,  киелі білім шаңырағының табалдырығын аттап, студент қатарына қосылуға арналған ұран айту рәсімі ерекше көңілмен өтті.

         Салтанатты кеш ары қарай ән және бимен өрілді.

Басылым күні :  11.09.2017