09.11.2015-16.11.2015 аралығында «Экономика» пәндер циклдік бірлестігі апталығы жоспарланып, өткізілді.

15.11.2016 күні «Деньги, кредит, банки» пәнінен пәнінен Мажиева Г.О. ашық сабақ өткізді. Өткізілген ашық сабақта оқытушысұраудың әдістемесіне, сұрау кезіндегі топтардың белсенділік тәсілдеріне,білімнің тереңділігіне, сұрауға барлығы неше уақыт бөлінетіндігіне баса назар аударды; түсіндіру барысындағы оқытушы жұмысының әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың  ойлау қабілеттерінің дамуына материалды нақты меңгеруіне үлес қосты. Сабақ жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.

16.11.2016күні ұлттық валюта күніне орай «Теңге-тәуелсіздігіміздің тірегі»» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта ұлттық валютамыздың шығу тарихы, айналымға енгізілуі жайлы көптеген мәліметтер берілді. Слайд арқылы суреттер көрсетіліп, оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне назар аударылды.

17.11.2016 күні «Экономика негіздері» пәнінен Ерғали Д.Е. ашық сабақ өткізді. Оқытушының сабақты түсіндіру ғылымилығы және тереңділігі бағаланып, сабақ тақырыбының өмірмен байланысы  анықталады, түсіндіру  қызықты жүргізілді. Сабақта     көрнекілік құралдар, сызбалар, схемалар, модельдер қолданылды.   Оқушылар жауаптарының маныздылығы, олардың білімдерінің тереңділігі, дербестіктің деңгейі байқалды.

17.11.2016 күні «Ақша, несие, банк» пәнінен Оңғарова Ш ашық сабақ өткізді.Оқытушы оқытудың техникалық және көрнекілік құралдары пайдалана отырып, тәжрибе және практикалық жұмыстарды ұйымдастырды, білімдерін бекітті,   дербестік жұмыстарды орындады.Сабақ жоғары деңгейде өткізілді.

18.11.2016 күні «Национализм. Расизм.Экстремизм» тақырыбында Топ кураторы Мажиева Г.О. бастамасымен ашық кураторлық сағат өткізілді. Қазіргі белең алып жатқан мәселелерге кеңінен тоқталып, аталмыш мәселелерді шешу жолында қандай істер атқарылып жатқандығына баса назар аударды. Жасөспірімдердің осы мәселелерге деген көзқарастарын айқындап, оқушылар тарапынан осы мәселелерді шешу үшін қандай іс әрекеттер орындалып жатқандығына тоқталды.

Барлық өткізілген ашық сабақтар тақырыпқа, мазмұнға сай. Сабақтың барысында сабақ мақсаты толық орындалды. Тәрбиелік мәні зор. Барлық оқытушының педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде. Сабақта мұғалімнің  ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, әдістемелік білімдері, барлық оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті байқалады.

 
   
   

Басылым күні :  25.11.2016