«Теңге – тәуелсіздігіміздің тірегі»

2016 ж. 14 қарашадан мен 18 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде «Экономика» бағыты бойынша пәндік-циклдік апталығы өтті. Апталық барысында 106 және 104 топтардың кураторы Ерғали Д.Е. «Теңге – тәуелсіздігіміздің тірегі» атты ашық тәрбие сағатын көрсетті. Кураторлық сағаттың мақсаты: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Студенттердің ақша туралы түсініктері артты, валюта түрлерімен танысып, мақтаныш сезімдері оянды. Сабақта топ белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Сабақ барысында пікір-талас, әңгімелесу өткізілді.

 
   

Басылым күні :  17.11.2016