«Менің мамандығым – менің болашағым»

2016 ж. 31 қазан мен 7-ші қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің колледжінде «Құқықтану» мамандығының пәндік-циклдік апталығы өтті. Апталық барысында 102-топ кураторы Саламатов Ш.Ж. «Менің мамандығым – менің болашағым» атты ашық тәрбие сағатын көрсетті. Кураторлық сағаттың мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, таңдаған мамандығы туралы көзқарасын дамыту, дағдысын қалыптастыру. Студенттерден «Мамандық деген не?», «Бұл мамандықты не үшін таңдадың?» деген сұрақтар қойылып, мамандықтарды талдап, қызығушылығын арттырды. Сабақта топ белсенді қатысып, өз ойларын еркін білдірді. Сабақ барысында пікір-талас, әңгімелесу, «психогеометрия» ойыны, релаксациялық тренингтер өткізіліп, «Болашаққа хат» деген атаумен әр студент болашақтағы арманын жазған хатты қорапқа жинады. Осылайша мамандықтарына деген қызығушылықтарын білдірді.

 

Басылым күні :  11.11.2016