05.12.2022ж. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде Бақыт Беделханұлының шығармашылығына арналған "Уақыт.Бақыт" атты әдеби кеш өтті.

05.12.2022ж. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасымен келген талантты ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Бақыт Беделханұлының шығармашылығына арналған "Уақыт.Бақыт" атты әдеби кеш өтті. Кештің мақсаты ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыру, ақынның жырларын тыңдай отырып, тақырыптарын, көтерген мәселелерін айқындау. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу. Кеш барысында ақын әңгіме -естеліктерімен, өсиет-өнеге сөздерімен бөлісті. Мектеп, колледж, дайындық факультетінің білім алушылары ақын шығармашылығынан өлең-жырлар оқыды, ән шашу тартылды.




Басылым күні :  09.06.2023