30.09.2022 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде "Ұстаздар күніне" арналған мерекелік кеш өтті

30.09.2022 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік кеш өтті. Білім көшін тізгіндеп келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен факультет басшысы Суатай Сәбит Құрманжанұлы құттықтай отырып, осы салада ұзақ уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан оқытушыларды төсбелгімен және мадақтау қағаздарымен марапаттады. Мерейлі мерекеде студенттер ұстаздарға арнап ән шырқады, би биледі, түрлі аспаптарда ойнап, өнерлерін барша қауымға паш етті



Басылым күні :  28.11.2022