Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

2022 жылдың 16 қыркүйек күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орынына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы Президенттің жолдауындағы ең басты аспектілеріне ерекше назар аударды. Жолдауда қарастырылған Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, заң мен құқық саласы, білім мен денсаулық сақтау салалары және осы салалардағы жоспарланып отырған реформалар, оны жетілдіру жолдары талқыланды. Факультет ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауда қойып отырған мақсаттарға бірігіп, жұмыла күш салып жетуге ниетті екендігін білдірді. Президенттің бұл Жолдауында Қазақстан халқы әл-ауқатының көтерілуіне ерекше назар аударып отырғандығы қуантты. ҚазҰУ ұжымы Жолдауды қолдап, ерең еңбек етуге дайын.


Басылым күні :  28.11.2022