Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде "Құқықтық мәдениет жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайтудың негізгі шарты ретінде" тақырыбында семинар өтті

2022 жылдың 16 қыркүйек күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Алмалы ауданының "Almaty-Adaldyg Alany" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінде "Құқықтық мәдениет жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайтудың негізгі шарты ретінде" тақырыбында Алмалы ауданы білім беру мекемелеріне арналған семинар өтті. Семинарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің тәрбие бөлімі мен студенттік өзін-өзі басқару органының белсенді студенттері қатысып, тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салып, колледждегі тәрбие жұмысы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп қайтты.





Басылым күні :  28.11.2022