«Қазіргі жағдайда жастардың бейімделуі: стресске төзімділік және резильентілік» атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлерге арналған семинар тренинг

2022 жылдың 11-12 ақпан күндері университеттің Әл-Фараби кітапханасында студенттердің өзгермелі жағдайға бейімделуі, қарым-қатынас жасай білуі және кез-келген жағдайға (төтенше жағдайға дайын болуын қамтаамсыз етуге бағытталған эдвайзерлерге арналған семинар-тренингке колледж кураторлары қатыстырылды. Сағат 15:00-17:00 уақыт аралығында тренер С.С. Қоңырбаеваның «Жастардың өзгеріске бейімделуі» тақырыбындағы семинарда эдвайзерлердің тәрбие жұмыстары, қазіргі жастардың психологиясы, бұрынғы жастармен салыстыра алғандағы түрлі мәселелері қаралды. Қазіргі таңдағы ата-аналар және оқытушылардың тәрбие процесндегі орны, студенттердің цифрлы тұрғыда ойлауы, көзқарастарының өзгеріске ұшырауы оның күрделі екендігі және шешу жолдары айтылды. Кеш соңында С.С. Қоңырбаеваның сөзіне жазылған «Біз әлі кездесеміз» атты әні шырқалды.

Басылым күні :  15.02.2022