ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «электронды кітапхана» қызмет атқарады және келесі бөлімдерді қамтиды:
- «Кітаптар қоры»;
- «Мерзімді басылымдар»;
- «Сирек басылымдар қоры»;
- «Мақалалар картотекасы»;
- «Диссертациялар»;
- «Авторефераттар».
Электронды кітапханада жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және инженерлік-техникалық бағыттары бойынша кең спектрлі ресурстары ұсынылған.
Жалпы 500 мыңнан астам әдебиеттер және 16 мыңнан астам толық мәтінді ресурстар ұсынылған.
Электронды кітапхана https://elibrary.kaznu.kz/ru/ сілтемесімен қолжетімді.Толық мәтінді мәліметтер базасы https://elib.kaznu.kz/ сілтемесі бойынша қолжетімді.
Электронды кітапхана тіркеуден өткен барлық пайдаланушыларға қолжетімді.
Барлық оқырмандарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ электронды кітапханасын белсенді пайдалануға шақырамыз!
Басылым күні : 04.02.2022