«Kitap Fest» кітап фестивалі

Кітап сүйер қауымға арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» онкүндігі аясында «Kitap Fest» кітап фестивалі өтті.

Іс шара кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту мақсатымен ұйымдастырылды.

Фестиваль барысында «KitapAL», «Qazyna», «Кітап Әлемі» және т.б. баспаларының кітаптары таныстырылды.

Кітап фестиваліне кітапхана оқырмандары, жалпы қала тұрғындары қатысып, тамашалады.

Басылым күні :  13.12.2021