2017 жылдың 17 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кітапханасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «ХХІ ғасыр оқушыларының интеллектуалды әлеуеті: жетістіктер және инновациялар» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының IV «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» мектеп конференциясы өтті.

Конференция әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінің  басшылығымен ұйымдастырылды.

Конференцияның жұмысына Алматы қаласыдағы физика-математика бағытындағы,  химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, №15,140 гимназияларының, №169 лицейдің оқушылары қатысты. Жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы ғылмдар бойынша 4 секция жұмыснда 122 ден астам баяндамалар тыңдалды.  

Конференцияның әділ қазылар алқасы университеттің  білікті ғалым-оқытушыларынан құралды.

Секиялар бойынша әділ қазылар алқасының төрағалары:

Оналбеков  Ернар Сейткеримович,  университеттің білім беру үдерісін бақылау қызметінің жетекшісі;

Көшім Әсима Ғалымжановна,  география және табиғатты пайдалану факультетінің профессоры;

Мулдагалиева Айжан Айдингалиевна, фил.ғ.к., доцент, филология және әлем тілдері  факультетінің шет тілі кафедрасының меңгерушісі;

Мухамеджанов Ержан Серикович,   PhD докторы.

Әділ қазы мүшелері:

Абылайханова Нуржанат Татухановна, б.ғ.к., доцент,  биология және биотехнология факультетінің оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары;

Абенов Болат Кусаинович, механика-математика факультетінің  ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы;

Атамбекова Гульнара Келдибаевна,  әл-Фараби ҚазҰУ  колледжінің математика пәнінің мұғалімі;

Окушева Гүлнар Төлеуханқызы, фил.ғ.к., доцент, филология және әлем тілдері  факультетінің шет тілі кафедрасы меңгерушісінің  ғылыми жұмыстары және халықаралық байланыс  бойынша  орынбасары;

Ақымбек Съезд Шардарбекұлы,  фил.ғ.к.,  доцент, филология және әлем тілдері  факультетінің  қазақ тілі білімі кафедрасының меңгерушісі;

Утебалиева Гульнара Ергазыевна, фил.ғ.д., жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасының доценті профессоры;

Толмачева Диана Семеновна,  фил.ғ.к., жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктерге тілдік және жалпы білім беру кафедрасының доценті.

Тулебаев Турганжан Абеуович,  т.ғ.д., тарих, археология және этнология факультетінің профессоры;

Кунапина Каиркен Кудайбергеновна, т.ғ.к.,  тарих, археология және этнология факультетінің  доценті;

Бимагамбетова Жибек Тобулбаевна, фил.ғ.к.,  халықаралық қатынастар факультетінің доценті. 

Конференцияға қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының өте жоғары деңгейде орындалғандығын көрсетті. Олардың таңдап алған ғылыми тақырыптарына деген зор қызығушылығы,  зерттеу материалын жан-жақты меңгергендіктері, әділ қазылар алқасының қойған сұрақтарына тұшымды жауап беруі өте жағымды әсер қалдырды. Қалыптасқан осындай көңіл күй конференция  атмосферасын еркіндік пен мейірімділікке бөледі.  Қонақтар мен қатысушылар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын, қазылар алқасының әділдігін атап өтті.

Конференцияның соңында қорытынды шығарылып, жүлделі орындар тағайындалды, жеңімпаздар алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталды. Конференция президиумы осындай конференцияны халықаралық деңгейде өткізуді ұсынды.

Ғылыми-зерттеу  жұмыстарының IV «ЖАС ӘЛ-ФАРАБИ» мектеп конференциясының қорытындысының нәтижесі бойынша тезистер жиынтығы басылып шығарылады.

 
 

Басылым күні :  11.03.2017