Тәуелсіздік күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бейіндік мектебінің оқушылары «Қазақстан ұландары ертеңгінің!» атты желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізді. Желтоқсан куәгерлері арнайы шақырылған кешке мектеп директоры, ұстаздар, оқушылар қатысты.

Басым бөлігі жастарды құраған бас қосуға желтоқсан оқиғасына қатысушы Шыныбаев Нұрман, мектебіміздің география пәні мұғалімі Қуанбаев Нұрлыбек Шамшатович шақырылды.

Біз тәуелсіздікті әрқашан қадірлеп өтеміз. Себебі кезінде ата-бабаларымыз Сарыарқының төсіне ел қондырсам, берекелі, мерекелі ел болсам деген арманының куәгері - біздерміз. Әрине, 1986 жылы сіздер алаңға шығып, осы бүгінгі тәуелсіздігімізге жеткізіп отырсыздар. Сол үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бейіндік мектебінің атынан сіздерге шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Жастарға келетін болсақ, « Тәуелсіздік - тәңірдің бізге берген тәтті сыйы деп білеміз,себебі, осы тәуелсіздіктің арқасында біз ендігі даму кезеңіне аяқ бастық, сондықтан осы еркіндікті әрқашан қастарлеп, қадірін түсіне білейік дегім келеді»,- деп өз ойларын білдірді.

Жиын барысында мектеп оқушылары желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға арнап, әйгілі ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, Ақбота Тілеужан өз шығармашылығынан тәуелсіздікке арнаған өлеңін оқып берді. Мұндай кездесулер жастардың эстетикалық талғамын дамытып, Отанды сүюге деген патриоттық сезімдерін дамытады.

 
   
 

Басылым күні :  16.12.2016