Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебінің ІІІ ғылыми-зерттеу конференциясы

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс істеу – қазіргі заман талабының өзекті мәселесі. Бұл жұмыс әр уақытта білім жүйесінің барлық саласын қамтып отырады.

Қазіргі заман жастарының білімге деген құштарлығының дәлелі - «Жас әл- Фараби» атты ІІІ ғылыми-зерттеу конференциясына қатысуы болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебі бұл конференцияны Қазақстан Республикасының 25- жылдығына арнайы өткізді. Бұл іс – шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен бірге Алматы қаласындағы № 83 мектеп оқушылары да қатысты. Конференцияның ашылу салтанатына ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е.Жаппасов, педагогика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары доцент Е.С.Оңалбеков, Бейіндік мектептің директоры Д.И. Алпысбаева, жалпы органикалық емес химия кафедрасының профессоры К.Б. Бекішев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Бейіндік мектептің директоры Д.И. Алпысбаева кқнференцияның ашылу салтанытында өз сөзін ұлы оқымысты Альберт Эйнштейннің сөзімен бастады: «Мұндай болуы мүмкін емес деп ешкім сенбеген кезде ғана жаңалықтардың болуы мүмкін, ал мұны бір адамдар мүлдем білмеуі де мүмкін»

Әділқазылар алқасы мен екі бағыттағы мамандар (жаратылыстану – математикалық және қоғамдық - гуманитарлық) жұмыстарды бағалауды объективті түрде жүргізді.

Жалпы іс – шара жемісті жүргізілді. Қатысушылардың зерттеу жұмыстары қоғамның өзекті мәселелерін қозғап және олар осы мәселелерді іске асыруда өз шешімдерін ұсынды. Атап өте кететін негізгі жай: Қазақстан Республикасындағы үш тұғырлы тілді іске асыру мәселесі бойынша қатысушы оқушылыр өз баяндамаларын қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқып, өз ойларын толық жеткізе білді.

Жұмыстарды сараптау нәтижесінде төмендегі оқушылар мынадай марапаттарға ие болды:

Дипломдар

Жаратылыстану – математикалық бағытта

Қоғамдық – гуманитарлық бағытта

І дәрежелі

Аткелді Ақбота ҚазҰУ

Алпысбай Ақшолпан –НЗМ

Бақтияров Ізбасар,

Орынбаев Дәурен -ҚазҰУ

Мәкенов Әділ - ҚазҰУ

Умарова Анель – НЗМ

Бердіқұлова Аруай-НЗМ

ІІ дәрежелі

Мәденова Мадина –ҚазҰУ

Ильяс Саян- НЗМ

Омашева Томирис,

Өтебаева Надира - ҚазҰУ

Аман Ақбота - ҚазҰУ

Абитқожаева Айна -ҚазҰУ

Жексенбай Ұлжан - НЗМ

ІІІ дәрежелі

Нұрмұқанов Алижан- Романова Светлана- ҚазҰУ

Қашағанова Мадина НЗМ

Әбділдаева Еңлік -ҚазҰУ

Акетаева Аусана- ҚазҰУ

Жолшыбек Сымбат – ҚазҰУ

Алтынбекұлы Имансері- НЗМ

Қорытынды сәтте Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері және қатысушылары, сонымен бірге №83 мектептің ата-аналары алғыс, тілектерін білдірді. Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері ғылыми-зерттеу конференциясының жоғары дәрежеде өткізілгенін атап өтіп сонымен бірге болашақта көптеген басқа мектептердің оқушыларын да шақырып, НЗМ мен бірге конференцияны халықаралық дәрежеде өткізуді ұсынды.

Бұл жұмысты өткізу барысында педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының бірлесіп жұмыс істеуі «мектеп-колледж-университет» концепциясының іске асқандығы дәлелденді. Педагогика ғылымының докторы, профессор А.А. Болатбаеваның басшылығымен кафедра және оқытушылар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бейіндік мектебіне ұйымдастыру- әдістемелік және кеңестік көмектерін беруде.

Басылым күні :  24.02.2016