«Соңғы қоңырау»
Бүгін, 01 маусым күні, мектебіміздің түлектеріне арналған «Соңы қоңырау» атты іс-шара өтті. Шара Ө.Ә.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ерекше салтанатты жағдайда өтті.
Түлектерімізге құттықтау және қоштасу сөздері айтылды. Атестаттарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ж.Қ.Түймебаев табыс етті.
Мектеп оқушылары мен шақырылған қонақтардың қатысуымен гала-концерт өтті.
Сәттілік, біздің түлектер!
Басылым күні : 01.06.2023