«Онлайн қарым-қатынас әлемге керек пе?» деген тақырыпта дебат

2021 жылдың 14 сәуірінде Қазақ ұлттық университеті, ақпараттық технологиялар факультетінің 1 курс студенттерімен «Онлайн қарым-қатынас әлемге керек пе?» деген тақырыпта дебат өтті. Студенттер екі жақты пікірді қорғауға тырысты. Онлайн форматтың жақсы және кедергі тұстарын сараптай алды. Ұйымдастырушы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Лиясова Айгүл Амангелдиевна.

 

 

 

Басылым күні :  23.04.2021