Әлихан Бөкейханов және тәуелсіздік тағылымы

2021 жылғы 28 қаңтарда жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Қайратова Іңкәр Қайратқызы және психология мамандығының 2 курс студенттері XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханов және тәуелсіздік тағылымы» атты іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында студенттер Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны, оның Қазақстан тәуелсіздігі үшін күресі, оның артынан қалдырған мұрасы туралы сөз қозғады.

 

Басылым күні :  20.04.2021