«Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдап, қазақ әйелінің бейнесі» атты ашық сабақ

17 ақпан күні жалпы және қолданбалы психолгия кафедрасының аға оқытушысы Борбасова Гульнур Нұрсайынқызының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша «Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын талдап, қазақ әйелінің бейнесі» атты ашық сабақ өткізілді, іс-шараға жалпы және қолданбалы психология кафедрасынынң,психология мамандығының 3 курс, 3 топ студенттері қатысты.

Ашық сабақ мақсаты:

  1. XX ғғ.қазақ әйелінің бейнесін көрсету;
  2. Әйел затын құрметтеуге, сыйлауға үйрету;
  3. Сол заманғы әйелдермен осы замандағы әйелдерді салыстыру.

Іс-шара барысында 3 курс, 3 топ студенттері «Ақбілек» романы жайлы барлық ақпаратты айтты, презентация жасап, тақырыпты толықтай қорғап шықты. XX ғғ. қазақ әйелінің бейнесін толықтай ашып, тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап болып, қызықты ашық тәрбие сағаты өтті.

 

 

Басылым күні :  15.04.2021