«Алкоголь және алкогольді аддикция» бағдарламасы

«Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы, психология мамандығының 3-курс студенттері 18.02.2021 жылы Зум платформасының негізінде «Айналаңды нұрландыр» атты жобасына арналған «Алкоголь және алкогольді аддикция» бағдарламасын өткізді.

Бағдарламаға барлық студенттер толықтай ат салысып дайындалып, қатысты. Әрқайсысы алкоголь туралы, алкогольдің адам ағзасына тигізетін кері әсері, зияны туралы, алкогольді психоз, оның негізгі формалары туралы өздерінің пікірлерін білдіріп, тоқталып өтті.

«Алкоголь және алкогольді аддикция» тақырыбына қатысты презентация дайындалып, видеолар көрсетілді.

 

 

Басылым күні :  15.04.2021