“Qadam” психологиялық-әлеуметтік жобасы

“Философия және саясаттану факультеті”, “Жалпы және қолданбалы психология” кафедрасының 2 курс студенттері Кәрімбай А., Құрманәлі Ә., Молбаева А., Садыркул Н., 3 курс студенттері Оразымбетова Қ., Ракымжан А., психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбековнаның жетекшілігімен “Qadam” психологиялық-әлеуметтік жобасын бастады. Жобаның басты мақсаты танымдық процестерінде ақауы бар “ерекше” (табиғатынан кеміс туылған, аутизм, дцп) балаларға және ата-аналарына психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан көмектесу.

Жобаның жаңалығы: Қазақстанда тұңғыш рет “ерекше” балаларға және олардың ата-аналарына арналған онлайн-платформа ашылды. Бұл онлайн-платформа инстаграмм арқылы ашылды. Балаларға арналған мастер класстар, ата-аналарына арналған тегін вебинарлар өткізілді. Оған қоса, түрлі орталықтарға барып ерекше балалармен жұмыс жасалды.

“Qadam” қоры арқылы 20 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді (Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, әкесі 2-ші топтағы мүгедек, баласы 5 жаста, анасы жалғыз табыс көзі). Алдағы уақытты балаларға арналған оқыту құралдарын алып беру жоспарлануда.

Біз алдағы уақытта психолог-студенттер ретінде “ерекше” балалардың қоғаммен еркін қарым-қатынасқа түсе алатындай дәрежеге жеткізгіміз келеді және олардың бақытты болғаның қалаймыз.

 

 

Басылым күні :  15.04.2021