«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» секция отырысының нәтижелері

6-7 сәуірде «ФАРАБИ ӘЛЕМИ» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясының «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» секциясының отырысы өтті.

Жиында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор З.Б.Мадалиева құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларға сәттілік және көптеген мазмұнды баяндамалар тіледі. Содан кейін студенттердің, магистранттардың, жас ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. 46 баяндама тыңдалды.

Психология бөлімі бойынша жүлделі орындарға келесі бакалавриат, магистратура студенттері ұсынылды:

1 дәрежелі диплом:

  • 1. Джакупова М.А. - Психология мамандығының 2-курс магистранты, «ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ САУЛЫҒЫН САҚТАУ МЕН НЫҒАЙТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ».

2 дәрежелі диплом:

  • 2. Талет А. – Психология мамандығының 4 курс студенті, «СТУДЕНТТЕРДІҢ ФРУСТРАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ». Ғылыми жетекшісі - Токсанбаева Нургул Коргаджановна.

3 дәрежелі диплом:

  • 3. Молбаева А. – Психология мамандығының 2 курс студенті, «ІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ».

 

  • Джакупова М.А. – «Психология» мамандығының 2 курс магистранты «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында 3 орынға ие болды.

 

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  15.04.2021