«Ұлыстық ұлы күні әз Наурыз!» ашық кураторлық сағаты

7 сәуір 2021 жылы Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс студенттерімен «Ұлыстық ұлы күні әз Наурыз!» атты тақырыпта ашық кураторлық сағат өтті. Студенттер қазақы нақышта киініп онлайн форматта кездесуді қызықты да мағыналы өткізді. Өлеңдер оқылып, наурыз жайлы қызықты мәліметтер айтылып, наурыз көже жайында ақпарат алмасты. Наурыз мейрамына арналған сағатта студенттер белсенділік танытып, көптеген мағлұматтар алды. Ұйымдастырған 1 курс кураторы Лиясова Айгүл Амангелдіқызы.

 

 

 

 

 

Басылым күні :  15.04.2021