«Ыбырай Алтынсарин Ұлы педагог өсиеттері» тақырыбында ашық кураторлық сағат

18 ақпанда Психология мамандығының 2 курс 1 тоб студенттері және кураторы Аязбаева Б.Б. Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдыгына арналған «Ыбырай Алтынсарин Ұлы педагог өсиеттері» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді.

Ыбырай Алтынсарин өз өмірінің бәрін келешек ұрпақ үшін арнады. Балаларға арнап жазған өлеңдері, әңгімелері және орыс әдебиеттерінен аударған балаларға лайықты көркем шығармалар да бар. Ыбырай – халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам. Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстазы, тұңғыш ағартушы – ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.

 

Басылым күні :  09.03.2021