«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында ашық сабақ

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия және саясаттану факультеті 2-курс Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы және жетекшісі психология ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Борбасова Г.Н ұйымдастыруымен 2021 жыл ақпан айының 5 – жұлдызында ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық сабақ «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» және «Салауатты өмір салты» аясы бойынша 3 тақырыпта өтілді.

Тақырыптар:

  1. «Қазақ десе, Абай түсер есіңе»
  2. «Мұқағали Мақатаев – XXI ғасыр ақыны»
  3. «Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі»

1 – топ «Қазақ десе, Абай түсер есіңе» атты тақырыбын ойдағыдай қорғап шықты. Қатысушыларға жалпы қазақтың Ұлы Ақыны Абай Құнанбайұлы толық ақпарат, соның ішінде «қара сөздері» бойынша толыққанды мәлімет берілді. «Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды», - деп студенттер сабақ мазмұнын түсіндірді.

Келесі 2-топ «Мұқағали Мақатаев – XXI ғасыр ақыны» тақырыбын жоғары деңдейде қорғап шықты. Ақынның өмірбаянын, шығармашылығын түсіндіріп өтті. Топ мүшелері өте белсенді, ұйымдасуы жақсы. Жұмыстарында сұрақ-жауаптар, ойындар, сөзжұмбақтар болды, сол арқылы қатысушылармен кері байланыс жасалды.

3-топ «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» атты тақырыпты қорғады. Тақырып салауатты өмір салты сферасы бойынша таңдалды. Студенттер бастамасын видео арқылы таныстырып өтті. Видеода адам денсаулығына зиянды және пайдалы заттар айтылды. «Дені сау болу қиын дүние емес, тек әр адам өз ағзасын күте білсе, дер кезінде көмек көрсете алса, өз өмірі үшін жауапкершілік ала білсе болғаны»,- деп студенттер бізге денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін тілге тиек етті.

 

 

 

 

 

Басылым күні :  25.02.2021