М.М. Мұқановтың 100 жылдығына арналған «Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел

2020 жылдың 15 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессор М.М. Мұқановтың 100 жылдығына арналған «Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Мұқанов Мәжит Мұқанұлы (04.10.1920-03.02.1985) — қазақ психологы. Жалпы психология, даму психологиясы және этникалық психология саласының маманы, Қазақстандағы психология ғылымының танымал жетекшісі және ұйымдастырушысы. Психология ғылымдарының докторы (1980), профессор. Он бес жыл бойы КСРО ОП республикалық филиалын басқарған. Жыл сайын шығатын ЖОО аралық «Психология» жинағының бас редакторы болған (1970-1981). А.И. Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтын және С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің аспирантурасын бітіргеннен кейін кандидаттық диссертациясын қорғайды және Алматының ЖОО-да 35 жыл психологияны оқытады. 1958 жылдан өмірінің соңына дейін Абай атындағы ҚазПИ жұмыс атқарады, 1968 жылдан аталған ЖОО Қазақстандағы ең алғашқы психология кафедрасын басқарады. Психология бойынша 18-ден астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. 

 

Дөңгелек үстелге ғалымдар, психологтар, оқытушылар, жұмыс берушілер, студенттер мен магистранттар қатысты. М.М. Мұқановтың идеялары контекстінде қазіргі психология ғылымының өзекті мәселелері талқыланды, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің ғылыми және қолданбалы нәтижелерімен және зерттеу тәжірибесімен алмасты. 

 

 

 

 

Басылым күні :  31.12.2020