«Үштілділік психологиясы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

Мемлекеттік «Рухани жағыру» бағдарламасына сәйкес, 08.12.2020 жылы «Үштілділік психологиясы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Профессор Ким А.М. жетекшілігімен «Тұлға және ұйымдастырушылық психологиясы» мамандығының 1 курс магистранттары үштілділік саясаты туралы пікір алмасты, осы мәселенің өзектілігіне талдау жасады, үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі туралы жеке әсерлерімен бөлісті. Іс-шарының соңында, шақырылған қонақ, докторант Ю.Кацман өзінің өлеңін үш тілде оқыды. Поэма автордың анасына арналған, ол өзі поэтикалық формасын сақтай отырып, өлеңді ағылшын және қазақ тілдеріне аударған. Магистранттар өлеңнің мазмұнына да, аға әріптесінің үш тілде еркін сөйлейтіндігіне де таңданыс білдірді.

 

Басылым күні :  11.12.2020