Профессор С.М. Жақыповтың 70-жылдығына арналған «Отандық және әлемдік психологияның жағдайы мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

 

2020 жылдың 31 қазанында әл-Фраби атындағы ҚазҰУ-де профессор С.М. Жақыповтың 70-жылдығына арналған «Отандық және әлемдік психологияның жағдайы мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлы – көрнекті қазақтың, Қазақстанның психологы, психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасы ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, ол психология-педагогика ғылымдары саласында қазақстандық ғалымдардың тұтас ұрпағын тәрбиеледі.

Конференцияға 130-дан астам адам қатысты. Бұл Қазақстан, Ресей, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа елдердің ғалымдары, психологтары, оқытушылары, жұмыс берушілері, студенттері мен магистранттары.

Конференция барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Әлия Рымғазықызы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы; М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, психология ғылымдарының докторы Братусь Борис Сергеевич (Ресей, Мәскеу қ.) құттықтау сөз сөйледі

Әр елден келген ғалымдардың баяндамалары тыңдалды:

1. Гарбер Алена Ильиничина, Лейпциг университетінің профессоры, PhD (Германия). Баяндама тақырыбы: Қазақстандағы стресстік зерттеулерге шолу: бүгіні мен болашағы.

2. Бендас Татьяна Владимировна, психология ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Санкт-Петербург қ.). Баяндама тақырыбы: Көшбасшылық психологиясының гендерлік және кросс-мәдени мәселелері.

3. Джумагельдинов Асқар Нүркенұлы, Лион католиктік университетінің профессоры, PhD (Франция). Баяндама тақырыбы: Әлемдік ғылым контекстіндегі қазақстандық психология: Франциядан көзқарас.

4. Мен Чен Чунг, Гонконг Қытай университетінің профессоры, психология ғылымдары бойынша PhD (Шеффилд университеті, Ұлыбритания) философия докторы (Дюркгейм университеті, Ұлыбритания). Британдық психологиялық қоғамның мүшесі, практик-психолог және ғалым. Баяндама тақырыбы: Посттравматикалық стресстің сотталушылар арасындағы ашуға және онымен байланысты психикалық бұзылуларға ықпалы: психикалық дисрегуляцияның және ажыратылған диссоциацияның рөлі.

С.М. Жақыповтың студенттері мен әріптестері ол туралы естеліктерімен бөлісті, керемет Дос, Ұстаз және Ғалымның шығармашылық және кәсіби жолы туралы баяндады.

 

 

 

 

 

Обложка Жақыпов.pdf

30.10.2020 сборник Жақыпов.pdf

Басылым күні :  10.11.2020