Бейсен Абайұлы Құранбекті еске алуға арналған «Бейсен Құранбектің өмір сабақтары» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өтті

20 мамыр күні сағат 11.00-де «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында белгілі Қазақстандық журналист Бейсен Абайұлы Құранбекті еске алуға арналған «Бейсен Құранбектің өмір сабақтары» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өтті.

Журналист және азамат ретінде Бейсен Құранбек еліміздегі ажырасу статистикасына және отбасын нығайту жолдары мен қағидаларына баса назар аударатын. Жас кезінің өзінде ол 8 осындай қағиданы құрастырды. Біз, психологтар ретінде, осы қағидаларды жүйелілік бағыты тұрғысынан, дәлірек айтқанда қарым-қатынастың кеңістіктік сипаттамаларымен байланыстыра отырып талқыладық. Бейсен Құранбек отбасылық қарым-қатынаста әлеуметтік арақашықтықты басқара алудың маңызын ұғынды. Бір-бірінің жеке кеңістігін құрметтеу, отбасы үшін сыйлы болса да, бөтен адамдарға өздерінің тәртіптерін жүргізуге жол бермеу, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылу. Реніш сәтінде үнсіз қалуға тырысу, импульсивті реакцияға жол бермеу. Оның әр қағидасы психологиялық тұрғыдан дәйектелген болып табылады. Іс-шараға қатысушылар әлі өз отбасыларын құрмаған болғандықтан, бұл ақпарат олар үшін қызық та, пайдалы да болды.

Іс-шара онлайн форматта Zoom қосымшасы арқылы өткізілді. Ұйымдастырушылар: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психол.ғ.д., профессоры Ким А.М. және 7M03118- Тұлға және ұйымдастырушылық психология мамандығының 1 курс магистранттары.

 

Басылым күні :  22.05.2020