«әл-Фараби және заманауи психологияның өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар

Бүгін, 2020 жылғы 11 мамыр күні, сағат 14:00-де психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Ташимова Фатима Сагимбековна әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және әл-Фараби орталығы ұйымдастырып отырған, әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған «Екінші ұстаз» онлайн-вебинарлары аясында «әл-Фараби және заманауи психологияның өзекті мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.

 

Вебинарда әл-Фараби жұмыстары психология ғылымының контекстінде қарастырылды. Фатима Сагимбековна әл-Фарабидың субъектіге қатысты көзқарастарын таныстырды. Сонымен қатар, ол кеңестік, батыстық психологияда және посткеңестік кеңістікте субъектіні зерттеудің салыстырмалы талдауын көрсетті.

 

 

 

 

 

 

Басылым күні :  11.05.2020