«Төтенше жағдай кезіндегі отбасылардағы ажырасудың жиілеуі және оның себептері» ашық сабағы

Пәні: Психология 

Оқытушы: Садыкова Н.М 

Өткізілген орны: Онлайн режимде ZOOM конференциясы арқылы https://us04web.zoom.us/j/4908508222 

Өткізілген күні: 23.04.2020 ж. 

Өткізілген уақыты: 09.00-09.50 

Курс: 3 курс 

Қатысушылар саны: 23 студент

 

23.04.2020 күні Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы кафедрасының «Тұлға және ұйымдастырушылық психология» мамандығы, магистратура 1-курс студенттері Өмірбек Г.А мен Караулова.А, сонымен қатар психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Садыкова Н.М ұйымдастыруымен психология мамандығының 3-курс студенттерімен «Төтенше жағдай кезіндегі отбасылардағы ажырасудың жиілеуі және оның себептері» тақырыбында онлайн ашық дәріс сабағы болып өтті.

 

Сабақ онлайн форматта ZOOM бағдарламасының көмегімен жүзеге асты. Ашық сабақ барысында қазіргі таңда болып жатқан төтенше жағдай кезіндегі ажырасу мәселесі туралы ақпараттар презентациялық форматта берілді. Сонымен қатар, ажырасу мәселесенің күрт жиілеуі себептері мен салдарлары студенттермен белсенді түрде талқыға салынды. Өзекті мәселенің бірі болып отырған отбасындағы ажырасудың жиілеуіне сабақ соңында психолог мамандарының арнайы ақыл-кеңестерін студенттермен бөлісе кеттік. Сабақ барысында тақырыпты толықтай ашып, талқылау мақсатында қазіргі айтылып жатқан жаңалықтарға байланысты видео, бейне-фото материалдар, тақырып аясындағы әлеуметтік бейнежазбалар қолданылды. Ашық-тәрбие сабағының барысында студенттер белсенді қатысып, тақырып аясында өздерінің субъективті ой-пікірлерімен бөлісіп отырды. Сабақ соңында студенттермен кері байланыс байланыс жүргізіліп, қорытынды жасалды.

 

 

Басылым күні :  03.05.2020