Т. Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырамыз

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

Т. ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ КАФЕДРАСЫ

 

ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

 

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 2020 жылдың 5 мамырында Алматы қаласында өтетін Т. Тәжібаевтың 110 жылдығына арналған «Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: сандық және қоғамдық сананы модернизациялау дәуіріндегі білім беру мен психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысуға педагогика және психология саласындағы ғылыми зерттеумен айналысатын ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, ЖОО студенттері шақырылады.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:

1. Сандық дәуірдегі педагогика мен психологияның басым бағыттары

2. Зерттеушілердің әдіснамалық даярлығы құрылымындағы білім беру мен педагогика философиясы

3. Т.Т. Тәжібаевтың еңбектеріндегі Абай шығармашылығын зерттеу.

4. ҚР педагогика және психология саласындағы ғылыми мектептер.

5. Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының 80-жылдық мерейтойына арналған «Халықаралық және отандық зерттеулер талабы тұрғысынан білім сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел.

 

 

ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы

әл-Фараби ғылыми кітапхана, 4 қабат конференция залы

5 мамыр 2020 жыл, тіркеу уақыты сағат 10.00

 

 

 

Қосымша

 

Қатысуға өтініш формасы

 

«Білім және психологиялық-педагогикалық ғылым: жүйелілік, сабақтастық, инновациялылық» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына өтінім қабылдау формасы

 

Аты-жөні

Ертарғынқызы Динара

Ғылыми дәрежесі, атағы

Phd, аға оқытушы

Жұмыс орны (үлгіге сәйкес жазуыңызды өтінеміз!)

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.

 

Лауазымы

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы

Баяндама тақырыбы

Кіші әріптермен жазуыңызды сұраймыз. 

Конференция бағыттары

 

Телефон

 

E-mail

 

Қатысу формасы

Форма участия (күндізгі/сырттай)

 

Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар:

Microsoft Word форматында дайындалған мәтіндер қабылданады

 

Өрістер

Барлық өрістер – 2 см

Негізгі шрифт

Times New Roman

Негізгі мәтіннің қаріп өлшемі

12

Жоларалық интервал

Біркелкі

Мәтінді туралау

ені бойынша

Азат жол (қызыл жол)

1,25 см

Беттерді нөмірлеу

жүргізілмейді

Әдебиеттер тізімінің болуы міндетті

дерек көздеріне сілтеме тік жақшада ескерту тәртібімен беріледі, МЕМСТ Р 7.0.5-2008 бойынша ресімделеді.

Көлемі

3 беттен кем емес- 5 беттен көп емес

 

Әдебиетті ресімдеу ережесі

 1.Лузин А., Ключевые концепции современного менеджмента. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2007. – 184 б.

Конференция басталу уақытына дейін материалдар жинағы дайындалады.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2020 жылдың 03 сәуіріне дейін қатысуға өтінім мен баяндама мәтінін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы – 3000 теңге.

 

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

8 (727) 292-57-17 (17-50), педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы

t.conference2020@gmail.com;  

8 (727) 292-57-17 (17-50), жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

kaznu.psychology@gmail.com.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы және жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мекен-жайы: Алматы қ. Масанчи көш. 39/47, 408,415 ауд.

Басылым күні :  25.04.2020