ПРОФЕССОР С.М. ЖАҚЫПОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

 

ПРОФЕССОР С.М. ЖАҚЫПОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

Өткізу күні мен уақыты: 2020 жылғы 31 қазан сағат 13-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша).

Өткізу форматы: Zoom платформасында онлайн-конференция (Идентификатор конференции: 729 4094 9342 код доступа: 123456)

 

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

 

Конференцияның мақсаты:С.М. Жақыповтың идеялары мен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазіргі психология ғылымының өзекті мәселелерін талқылау және шешімдерін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу; ғылыми теориялық және практикалық білімді ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және мүдделі тұлғалар арасында тарату.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, психологтар, магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орындарының студенттері, шектес пәндердің (педагогика, медицина, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және т.б.) мамандары шақырылады.

 

Конференция материалдарының жинағын электронды форматта шығару жоспарлануда.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшынтілі.

 

Секциялық отырыстардың тақырыптары:

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қазіргі психология ғылымы және практикасы.

2. С.М. Жақыповтың бірлескен-диалогтық іс-әрекет тұжырымдамасы: мүмкіндіктері және перспективалары.

3. Отандық және әлемдік психологиядағы қолданбалы психологиялық зерттеулер.

 

Конференцияға қатысу өтініші, электронды түрдегі баяндаманың мәтіні 2020 жыл 15 қазанға дейін kaznu20@gmail.com электронды почтасына қабылданады.

Ұйымдастыру жарнасы жариялануымен бірге – 3000 теңге. Төлем сұрақтары бойынша Тоқсанбаева Назгүл Бахытқызына,тел.: +7 775 217 35 44 хабарласыңыз.

 

Жариялану талаптарын ақпараттық хаттың қосымшасынан қараңыз. Өтінішсіз және талапқа сәйкес келмеген баяндама жарияланбайды.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру комитеті мүшелеріне байланысуларыңызды сұраймыз.

Телефондары: +7 778 884 71 64 Жұбаназарова Назираш Сулейменқызы, +7 702 320 5691 Баймолдина Лаура, +7 777 206 85 37 Кұдайбергенова Сандугаш Кансаровна, +7 747 631 8311 Адилова Эльнура Темирхановна.

 

ҚАТЫСУШЫ ӨТІНІШІ

 

ТАӘ (толық)

  

Ғылыми дәрежесі, атағы

  

Жұмыс/оқу орны

  

Лауазымы

  

Пошталық адрес (индексімен)

  

Баяндама тақырыбы

  

Бөлім

  

Байланыс телефоны

  

Электрондық адресі

  

 

ҚОСЫМША

 

ЖАРИЯЛАНЫМ ШАРТТАРЫ

 

Баяндама мәтіні Microsoft word мәтіндік редакторында терілуі қажет. Қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тіліндегі баяндамалар шрифті Times New Roman, өлшемі – 14, жол аралығы – 1, көлемі – 5 бетке дейін. Шеттері - 2 см әр жақ шеттен. Пайдаланған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында баяндамадағы сілтеме реті бойынша орналасады.

Мәтіндегі пайдаланған әдебиеттерге сілтеме нөмірі тік жақшаға алынады. Мысалы: [1, С.12]. Түйіндеме қажет емес. Мақалалар плагиатқа тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кемінде 70% болуы керек.

Баяндама мәтінінің, өтініштің (беттер нөмірленбейді, файлдың аты бірінші автордың тегімен сақталады, баяндама мен өтініш бір файлда тұрады) электрондық нұсқасы 2020 жылдың 15 қазанына дейін ұсынылуы тиіс. Жариялану талаптарына сәйкес келмейтін мақалалар қарастырылмайды.

Баяндама авторының саны 4-еуден аспауы қажет. Дайын материалдарды конференцияның басталуына дейін жарияламақ жоспарда, сол себепті уақытынан кейін келген немесе жариялану талаптарына сәйкес келмеген баяндамалар қабылданбайды.

 

 

БАЯНДАМА ЖАРИЯЛАУДЫҢ ҮЛГІСІ

 

Адилова Э.Т.

(Қазақстан Республикасы, Алматы қ.,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет)

 

ӨЗІНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС ЗЕРТТЕУІ

 

Заманауи психологияда жетекші ғалымдардың көбісі өзара қарым-қатынас және жеке адамның мінез-құлықтарының қорғаныс амалдарын зерттеулермен айналысады, бірақ психология ғылымында жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық қорғаныс және жүйе арқылы психологиялық қорғаныс зерттеулері өз деңгейіне дейін толығымен зерттелген жоқ......

Жасөспірімдік кезде жалпы даму циклінде «еңбек, таным және қарым-қатынас жеке тұлға дамуының маңызды кезеңі және жеке даму субъектісі ретінде»[2, 108 б.]. «Жеке тұлғаның дамуының соңғы кезеңінің дербес дайындығы» [1, 208 б.]; маңызды орнын зерттеушілер әр түрлі сипаттайды.

 

Кесте 1 – Психологиялық қорғау механизмдерінің кездесу жиілігі, %

Қорғау механизмдері

Қыздар тобы

Ер балалар тобы

Жалпы алғанда

Ығыстыру

36%

36%

36%

Регресс

28%

20%

24%

Аустыру*

24%

8%

16%

Бас тарту

44%

32%

38%

Жобалау*

84%

56%

70%

Өтемақы

44%

40%

42%

Белсенді өтемақы*

52%

20%

36%

Оңтайландыру

72%

64%

68%

Жалпы қорғау кернеулігі

40%

48%

44%

 

Сурет 1 – Психологиялық қорғаныс айқындалығын жоғарлату тетіктері

 

Әдебиеттер

1. Михайлычев Е.А. Дидактикалық тестілеу. - М.: Халықтық білім.- 2001, 432 б.

2. Ташимова Ф., Бурдина Е.И., Ризулла А.Р., Кожикова А. Студенттердің әлем туралы хабардар болуының ерекшеліктері және олардың мінез-құлық тәртібі// Абая атындағы КазҰПУ психология хабаршысы. - 2014, № 2(39), Б. 48-59

3. Адамның психологиялық қорғау механизмінің түрлері URL: http://vseostresse.ru/psihicheskie-rasstroystva/zashchitnye-mekhanizmy (қараған күні: 12.09.2017).

 

08.09 ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО КАЗ-1.pdf

Басылым күні :  02.04.2020