1 курс таланттары байқауының нәтижелері

ҚазҰУ-да жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «1 курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы өтті.

Эстрадалық ән, классикалық ән, дәстүрлі ән, халықтық би, қазіргі заманауи би, жас ақындар, домбырада ойнау, қобызда ойнау, пианинода ойнау, гитарада ойнау, жүргізушілер, актерлік шеберлігі номинациясы бойынша бақ сынасқан «1-курс Таланттары» байқауының іріктеу кезеңіне 3000-нан аса өнерлі жастар қатысты. Олардың ішінен 102-ге жуық оза шапқан 1-курс студенттері аталмыш гала-концертте өз өнерлерімен көпшілік қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

«1-курс Таланттары» көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздарын АРТ орталығының директоры Ж. Сартбай, ҚР мәдениет қайраткері, студенттік «Бахыт» шоу-балетінің көркемдік жетекшісі Г. Есмұханбетова, Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Ж. Есімова дипломдармен марапаттады.

«1-курс Таланттары-2019» гала-концерті өз ерекшелігімен есте қалды. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау 3 бөлімнен тұрды. Оның алғашқысы – «Дәстүрлі бөлім» болса, екіншісі – «Классикалық бөлім», ал үшіншісі «Заманауи бөлім» болып жалғасты. Тиісінше, әр бөлімді «Үздік жүргізуші» номинациясын иеленген студенттер бастап, өнерпаздарды ортаға шақырып отырды. «Дәстүрлі бөлімде» жас ақындар өз өлеңдерін оқып, күміс көмей әншілер дәстүрлі әндер орындады. Ал, мың бұралған бишілер қазақ халқының, өзге халықтардың ұлттық билерін билеп, көрермен көзайымына айналды. «Классикалық бөлімде» Классикалық би мен Модерн биі көптің көңілінен шықты. Соңғы «Заманауи бөлім» гала концерттің қорытынды шоуына айналып жиналған жастарды керемет бір әсерге бөледі. Байқау соңында сан түрлі номинациялар бойынша өнер көрсетіп, топ жарған жалынды жастар жүлделі орындарды иеленіп, айнайы марапатқа ие болды.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс студенті Нурман Диана "Эстрадалық ән" номинациясы бойынша 1 орынды иеленді.

Басылым күні :  23.01.2020