«Депрессивті күйлердің психофизиологиялық зерттеулері» тақырыбында дөңгелек үстел
2019 жылдың 20 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің 70 жылдығына арналған «Депрессивті күйлердің психофизиологиялық зерттеулері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Баяндама жасағандар:
1. «Когнитивті нейроғылымдар» орталығының директоры, биол.ғ.к., профессор м.а. Кустубаева А.М., PhD, постдок Камзанова А.Т., PhD, ғылыми қызметкер Жолдасова М.К., тақырыбы: «Когнитивті нейроғылым және депрессивті күйлердің заманауи зерттеулер»;
2. Психология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Кудайбергенова С.К., тақырыбы: «Депрессияның патопсихологиялық зерттеулері»;
3. PhD, постдок Камзанова А.Т., «Когнитивті нейроғылымдар» орталығының директоры, биол.ғ.к., профессор м.а. Кустубаева А.М.: «Шешім қабылдаудың ЭЭГ зерттеулері»;
4. PhD докторант Борбасова Г.Н., PhD ғылыми қызметкер Жолдасова М.К., «Когнитивті нейроғылымдар» орталығының директоры, биол.ғ.к., профессор м.а. Кустубаева А.М.: «Экзекутивті бақылау және индивидуалды ерекшеліктерді электроэнцефолографиялық (ЭЭГ) зерттеу».
Дөңгелек үстелдің жұмысына жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ОПҚ, бакалавриат, магистратура студенттері, «Психология» мамандығының PhD докторанттары, сонымен қатар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ докторанты қатысты.