СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

 

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

С. Қ. БЕРДІБАЕВАНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ: «СТРЕСТІ БАСҚАРУ

ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ» атты

халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өтетін СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

 

Конкурстың мақсаты: стресс психологиясы бойынша студент жастарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, студент жастардың ғылыми әлеуетін белсендендіру, зерттеу дағдыларын, психологиялық мәдениетін қалыптастыру және дамыту  

Конкурсқа Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар мен магистранттар қатыса алады.

Конкурсқа студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеулері мен жобалары, дипломдық және курстық жұмыстары, баяндамалары, мақалалары ұсынылған конкурстың ережесінің талаптарына сай жеке орындалған жұмыстар ұсынылады. Ғылыми жұмыстар электронды түрде көрсетілген 3 тілдің бірінде (қазақ, орыс, ағылшын) PDF форматында электрондық нұсқада болуы тиіс. Жұмыстың атауын үш тілде көрсету қажет. Реферат сипатында жазылған жұмыстар қарастырылмайды.

Жұмысты көрсетуде шарттар бұзылған жағдайда байқауға қатысуға қабылданбайды.

Конкурсқа жұмысты қабылдау мерзімі: 2019 жылдың 1-тамызынан бастап 25-қыркүйегі аралығанда maira.kabakova@gmail.com электронды мекен-жайға жіберіліп, «Тақырып» деген жерге «Профессор С.Қ. Бердібаеваның 60-жылдығына арналған СҒЗЖ конкурсы» деп көрсетілуі тиіс.

2019 жылдың 5-қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ: «СТРЕСТІ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде конкурстың қорытындылары хабарланады және ҚазҰУ әл-Фараби сайтында, БАҚ-да және әлеуметтік желілерде, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының сайтында көрсетіледі.

 

ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

СВЕТА ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ БЕРДІБАЕВАНЫҢ 60 -ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Жалпы ережелер

1.1 Профессор С.Қ. Бердібаеваның 60-жылдығына арналған студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының өткізілу мақсаты:

  • Ø  Студент жастардың ғылыми әлеуетін белсендіру және оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту;
    • Ø  Студенттерде ғылыми ізденіс дағдыларын, зерттеушілік мәдениетін, шығармашылықты, дербестікті, жаңа бастамаларды дамыту;
    • Ø  Стресске төзімділікті жоғарылатудың өзекті ғылыми және әлеуметтік-практикалық міндеттерін шешу үшін дарынды және талантты студенттерді табу;
    • Ø  Казақстандық психология мектебінде мамандардың жаңа буынын қалыптастыру.

 

1.2 Профессор С.Қ. Бердібаеваның 60-жылдығына арналған конкурсқа қатысатын жұмыстар төмендегі тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерінде көтерілген ғылыми идеяларды, әдістерді, бағыттарды көрсетуі, талдауы, дамытуы, пайдалануы тиіс:

  • Ø  Стресс-менеджменттің практикасы-стресті басқарудың теориясы мен практикасы.
  • Ø  Стресс психологиясының негізі және оның қолданылуы: стресті дер кезінде тану, түсіне алу және стресті басқаруды үйрену.
  • Ø  Стрестің табиғаты және оның адамға әсері: стреске төзімділікті жоғарылату.
  • Ø  Қазақстандағы эксперименттік және практикалық психология - профессор С.М. Жақыповтың ғылыми мектебінің дамуы.

 

Қарастырылуы тиіс сұрақтар:

  • Ø  Қолданбалы психологиялық зерттеулер.
  • Ø  Жаңа заманауи жағдайда психологиялық көмекті ұйымдастыру және олардың технологиялары.
  • Ø  Психологтарды оқыту мен дайындаудың өзекті мәселелері.

 

1.3 Конкурсқа Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша оқитын бакалаврлар мен магистранттар қатыса алады.

1.4 Конкурсты ұйымдастыру мен өткізудің басшылығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Философия және саясаттану факультетінің деканының бекіткен бұйрығымен ұйымдастыру комитетінде жүзеге асырылады.

 

2. Жұмысты көрсету және рәсімдеу тәртібі

 

2.1. Конкурсқа студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары, дипломдық, курстық жұмыстары мен жобалары конкурстың ережесінің талаптарына сай 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 15 қыркүйекке дейін жіберілген жұмыстар ұсынылады. Жұмыстар электронды түрде көрсетілген 3 тілдің бірінде (қазақ, орыс, ағылшын) PDF форматында ұсынылуы керек. Жұмыстың атауын 3 тілде көрсету қажет болып саналады. Реферат сипатында жазылған жұмыстар қарастырылмайды. Байқау жұмыстары плагиатқа тексеріледі.

2.2 Конкурсқа қатысушы үміткерлер конкурс кезінде ЖОО-ның студенттері, магистранттары болулары қажет.

2.3 Электронды жұмыстар (PDF форматында) 2019 жылдың 1 тамызынан бастап 25 қыркүйекке дейін maira.kabakova@gmail.com электронды мекен-жайға, «Тақырып» деген жерге «Профессор С.Қ. Бердібаеваның 60-жылдығына арналған конкурс» деп көрсетілуі тиіс.

 

2.4 ЖҰМЫСТЫ ЖАЗУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ

 

  • Ø 
  • Ø  Мәтіннің атауы қалың шрифтпен терілуі тиіс (Times New Roman, кегель14 беттің ортасында. Ішіндегі тақырыпшалар 12 кегель (қалың)
  • Ø  Жұмыстың құрылымы келесі бөлімдерден тұрады: Мұқаба, кіріспе, негізгі бөлім (теориялық және эксперименттік бөлімдерін қамтиды), қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар.
    • Ø  Конкурсқа қатысуға өтініш
    • Ø  Ғылыми жетекшінің қолы қойылған пікірі тіркеледі (PDF форматында).

 

Конкурсқа қатысушы өтінішінің формасы

 

ФАЖ (толығымен)

 

ЖОО атауы, қаласы

 

Зерттеу тақырыбы

 

Ғылыми жетекші (ФАЖ, ғылыми дәрежесі, қызметі)

 

e-mail

 

моб. телефон:

 

 

2.5 Конкурс материалдары - ғылыми жұмыстың өзі, ғылыми жетекшінің пікірі, өтініш бір хатпен электрондық папкада жинақталып келесі электронды почта адресіне жіберіледі: maira.kabakova@gmail.com «Тақырып» деген жерге «Профессор С.Қ. Бердібаеваның 60-жылдығына арналған конкурс» деп көрсетілуі тиіс. Папка автордың фамилиясымен ағылшын тілінде аталуы керек.

Құжаттар ұсыну шарттарын бұзған кезде жұмыс конкурсқа қатысудан қабылданбауы мүмкін.

 

3. Жұмысты қарау және бағалау тәртібі

3.1 Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстардың сараптамасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Философия және саясаттану факультетінің деканының бекіткен конкурс комиссиясында өткізіледі.

3.2 Конкурстық комиссиясы жұмыстарды төмендегі критерийлер бойынша талқылайды және бағалайды (қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тартады):

  • Ø  Конкурс жұмысының Конкурс тақырыбына сәйкестігі;
  • Ø  тақырыпты аша алу қабілеті, жүйелі ықпал;
  • Ø  ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы;
  • Ø  шығармашылық бағыт және түпнұсқалық;
  • Ø  эксперименттің немесе эмпирикалық зерттеудің болуы, оның өңделуі мен талдануы және интерпретациясы;
  • Ø  практикалық ұсыныстар немесе ғылыми немесе қоғамның әлеуметтік міндеттерін практикалық шешу үшін ұсыныстар;
  • Ø  жазу стилі мен сауаттылық.

 

  3.3 Жұмыстың бағалау нәтижесі комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің қол қойған хаттамада конкурстық комиссияның мүшелерімен рәсімделеді. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болып табылады.

 

4. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау тәртібі

4.1 Конкурс комиссиясының шешімінің негізінде ең үздік студенттік-магистрлік ғылыми жұмыстар конкурсының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай марапаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады:

 

1 орын (1 адам) –1- дәрежелі диплом- 30 000.00 тенге

2 орын (2 адам) – 2- дәрежелі диплом- 15 000 00 тенге

3 орын (3 адам) –3- дәрежелі диплом – 10 000.00 тенге

 

4.2 Конкурстың нәтижесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің сайтында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

4.3 Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылғы 5 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «СТРЕСС-МЕНЕДЖМЕНТ: «СТРЕСТІ БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде марапатталады.

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы.

4.4 Конкурс жеңімпаздарын марапаттауға қатысу басқа қаладан және шетелдік қатысушылардың жол-жүруі мен орналасуы өз есебінен.

Магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты сұрақтары бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефондар: +7 707 756 0547; +7 701 756 0547 – жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор м.а. Кабакова Майра Победовна.

КонкНИРС25.09.19КАЗ.pdf

Басылым күні :  19.08.2019