Заманауи әлемдегі психология: Рухани Жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі теориялық және қолданбалы зерттеулер атты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология бөлімі ашылуының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

Өткізілу уақыты: 2018 жыл желтоқсан айының 7 жұлдызы

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Ғылыми кітапханасы

Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

Конференция барысында психология ғылымының әр түрлі салаларының өзекті мәселелері, қазақстандықтардың рухани жаңғыруындағы психологиялық ғылымның рөлі, психологиядағы іргелі және қолданбалы зерттеулер тақырыптары мен сұрақтары, ғылым және тәжірибе өзара әрекеттесу формалары, заманауи жағдайларда психология ғылымындағы интеграциялық процестерді дамыту перспективалары, қазақстандық психологтардың дүниежүзілік ғылымға қосқан үлесі және халықаралық ынтымақтастық перспективаларын талқылау жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, психологтар, магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орны студенттері, жақын мамандықтар бойынша мамандар (педагогика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және т.б.), ҚазҰУ-і психология бөлімінің әр жылдардағы түлектері шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Секция отырыстарының тақырыптары:

  • Іргелі психология.
  • Қолданбалы психологиялық зерттеулер.
  • Тұлғаның психологиялық денсаулығы және психологиялық әл-ауқаты рухани жаңару факторы ретінде.
  • Заманауи жағдайларда психологиялық көмек ұйымдастыру және оның технологиялары.
  • Психологтарды даярлау мен оқытудың өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысу бойынша өтініштер, баяндамалар мәтіндері электронды түрде 2018 жылдың 20 қазанынан 25 қарашасына дейін psychol.kaznu.2017@gmail.com электрондық пошта арқылы қабылданады. Басылымға қойылатын талаптарды Ақпараттық хаттың қосымшасынан қарай аласыз. Өтінішсіз және формаға сай емес басылымдар қабылданбайды.

Басқа қаладан және шетелдік қатысушылардың жол-жүруі мен орналасуы өз есебінен.

Конференцияға байланысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз. Телефондар: +7 (727) 292 57 17 (+2131), + 7 7772068537 (Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна), e-mail:psychol.kaznu.2017@gmail.com

Ақпараттық хат

Басылым күні :  29.10.2018