2018 жылғы «әл-Фараби және қазіргі заман» халықаралық форумының қорытындылары

2018 жылғы 3-4 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да V Фараби оқулары аясында «әл-Фараби және Қазіргі заман» Халықаралық Фараби Форумы өтті. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамының Форумға қатысуы жақсы дәстүрге айналған.

Ғалым-психологтар, магистранттар және докторанттар секциялық отырыстарда баяндама оқыды, сонымен қатар «Қазіргі таңдағы психологиялық зерттеулерге әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары» тақырыбында пікірталас алаңын өткізді.Форумға қатысушылар адамның рухани үрдістерін тану мәселелері әл-Фарабидің көптеген трактаттарында орын тапқанын және бұл оның мол ғылыми мұрасын ары қарай зерттеуге ынталандыратындығын атап өтті.

Өзінің «Жан болмысы туралы трактат», «Түс көру туралы сөз», «Жанның қайраты туралы», «Ақыл және ұғым», «Жастардың ақылы туралы сөз», «Темперамент туралы» және басқа еңбектерінде ұлы әл-Фараби психологиялық пен физиологиялықтың арақатынасы, танымдық және эмоциялық-еріктік процесстердің болмысы және құрылымы, адамның индивидуалды ерекшеліктері сияқты әлі күнге дейін ғаламдық және өзекті болып табылатын сұрақтарды талдайды.

Кустубаева А.М. «әл-Фарабидің көзқарастары және заманауи когнитивтік нейроғылымдар», Ташимова Ф.С. «әл-Фараби және әртүрлі ұстамдылық мінез-құлық стиліне ие студенттердің тұлғасын мәндік талдау ерекшелігі», Сатыбалдина Н.К. «әл-Фарабидің философиялық-психологиялық көзқарастары және қазіргі заман», Кудайбергенова С.К. «Мектепте білім алудағы қиындықтарды нейропсихологиялық жолмен түзету», Айдосова Ж.К. «Эмоционалды интеллект және денсаулық мәселелеріне ұстамдылық», Садыкова А.Т. «әл-Фараби еңбектеріндегі психологиялық сұрақтар» баяндамалары қатысушылардың ерекше қызығушылығына және Фараби форумның секциялық отырысындағы модераторлардың жоғары бағасына ие болды.

Докторанттар Трубников В. және Ризулла А. қазіргі таңдағы жастардың ақшаға құндылықтық қатынасы және мимикрия сұрақтары бойынша эксперименттік зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.Болашақ психолог-мамандарды едәуір терең және сапалы дайындау үшін «Жалпы психология», «Когнитивті психология», «Тұлға психологиясы» және т.б. академиялық курстарға әл-Фарабидің психологиялық мұрасын зерттеуге қатысты тақырыптарды қосу ұсынылады.

Басылым күні :  19.04.2018