Психология бойынша республикалық пәндік олимпиаданың 2018 eсеп

2018 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де психология бойынша Республикалық пәндік Олимпиада өтті.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 12 команда келді. Қатысушылардың жалпы саны 46 студенттен және 12 жетекшіден тұрады.

2018 жылғы пәндік олимиаданың ерекшелігін атап өтетін болсақ - бұл өткізу форматының толығымен өзгеруі, соған сәйкес жаңа тапсырмалардың ұсынылуы.

Олимпиада 4 кезеңнен (турдан) тұрды, олар бірінші күні, яғни 28 наурыз күні өткізілді.

1 тур. Негізгі пәндер бойынша пәндік тестілеу (жазбаша тапсырма). Индивидуалды тапсырма. Турдың мақсаты - олимпиадаға қатысушылардың теориялық білімдерін тексеру. «5В050300-Психология» мамандығының негізгі кәсіби пәндер бойынша: Жалпы, әлеуметтік, дифференциалды, медициналық психология, психологиялық кеңес беру. Тестің жалпы саны – 100, әрбір жаттығуды орындауға 1 минут беріледі. Жоғарғы баға - 100 балл.

2 тур. Практикалық тапсырма «Психодиагностика»: Қатысушыларға психологиялық тест мәліметтерінің негізінде клиенттің/пациенттің психологиялық профилін құрастыру, соның нәтижесінде қорытынды жасау және ұсыныс беру (жазбаша тапсырма) қажет болды. Студенттерге екі әдістеме ұсынылды: проективті сурет тесті және стандартты шкалалық әдістеме MMPI. Топтық орындау. Турдың мақсаты - ғылыми және практикалық іскерліктері мен дағдыларын бағалау. Жоғарғы баға - 100 балл. Бағалаудың критерилері кестеде ұсынылған.

30

Барлық әдістемелердің шкалаларын, сипаттамаларын, параметрлерін сипаттау (автормен сипатталғандай) және олардың талдауының дұрыстығы.

30

Бағалаудың кешенділігі (талдауда зерттелушінің жастық, жыныстық және жеке ерекшеліктері ескеріледі, оның күшті және әлсіз жақтары көрсетіледі).

20

Баяндаудың сауаттылығы (терминологияны дұрыс пайдалану, орфографиялық және стилистикалық қателіктердің болмауы).

20

Әдістеме бойынша психодиагностикалық қорытындының тұтастылығы мен құрылымдылығы. 

3 тур. «XXI ғасырдағы психолог мамандығы» тақырыбындағы әр команданың жарнамалық бейне роликтерін презентациялау (көрсету). Бейне ролик алдын-ала жіберілу тиіс және 3 минуттан артық болмауы керек. Бұл үй тапсырмасы. Топтық орындау. Турдың мақсаты - қазіргі кездегі психолог мамандығының маңыздылығын және оның даму перспективаларын көрсету қабілетін бағалау. Бағалаудың критерилері - турдың мақсатына сәйкес креативтілік және техникалық рәсімдеу. Максималды бағалау - 100 балл.

4 тур. Спорттық форматта өтетін Психологиялық викторина «Не? Қайда? Қашан?». Топтық орындау. Психология және психологтар туралы логикалық сұрақтар. Турдың мақсаты - қатысушылардың білім шеңберін, сонымен қатар психология саласында атаулы күндерді, атауларды, оқиғаларды білудегі жалпы білімдерін бағалау. Максималды бағалау - 100 балл.

29 - наурыз күні Олимпиадаға қатысушылар үшін Алматы қаласындағы жетекші маман-практиктердің шеберлік-кластар ұйымдастырылды:

Смирнова Жанат – психол. ғыл. к., психолог-кеңес беруші, экзистенциалды терапия саласындағы маман. «Топтық терапия: оқытудың және жүргізудің ерекшеліктері».

Кудайбергенова Гульжан - психология магистрі, «Балама орталығының» оңалту қызметінің психологі, Туран университетінің аға оқытушысы. «Метод сенсорной интеграции в работе с детьми с расстройствами аутистического спектра».

Багиярова Фатима – медицина ғылымдарының кандидаты, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ коммуникативті дағды кафедрасының доценті. «Научить чувства работать на себя! Самосовладание по Асимову».

Фербер Дана Марковна - HR - эксперт, бизнес-тренер, коуч, басқару бойынша кеңес беруші. «Компетенции будущего. Что развивать, чтобы быть успешным в 2020 году?».

Комиисияның құрамына психология саласындағы көрнекті мамандар кірді:

Аймаганбетова Ольга Хабижан қызы – психол.ғыл. докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры.

Смирнова Жанат Амантай қызы – психол. ғыл. кандидаты, экзистенциалды терапия саласының маманы, «Жанұям» отбасылық дамыту орталығының психолог-кеңес берушісі.

Хусаинова Ильмира Рамазан қызы - психол. ғыл. кандидаты, Алматы қаласының Республикалық онкология және радиология Ғылыми-зерттеу институтының психологиялық-әлеуметтік қызметінің жетекшісі.

Баймолдина Лаура Оразбек қызы – PhD, доцент м.а., жалпы және қолданбалы психология кафедрасында оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары.

Комиссияның төрайымы Төлегенова Алия Амангали қызы – «Нұр-Мубарак» Египет ислам мәдени университетінің доценті, PhD, «Аялы» психологиялық орталығының директоры.

Комиссия секретары – Садықова Назира Марғұш қызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцент м.а., психол.ғыл. кандиадты.

Комиссия мүшелеріне үздік студенттердің арасынан ең үздіктерін анықтау өте қиын болды.

29 наурыз күні түстен кейін Республикалық пәндік Олимиаданың қорытындысы шығырылып және жеңімпаздар марапатталып дипломдар мен мадақтамалар табысталды.

Олимпиаданың жеңімпаздары барлық 4 турдың ортақ балы бойынша анықталды. Республикалық олимпиаданың 1, 2, 3 орын алған жүлдегерлері білім және ғылым Министрлігі Қазақстан Республикасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Командалар түрлі номинациялармен марапатталды.

Жеңімпаздардың арасында: 1 орын - Абиева Жамиля Муратовна (КазҰУ, 321 балл),

2 орын - Шаблиев Сергей Витальевич («Туран» университеті, 266 балл), Курмангалиева Сания (Халықаралық Бизнес Университеті, 239 балл),

3 орын - Турлықожа Темірлан Бекетұлы (КазҰПУ, 224 балл), Ілиясова Ғалия Манасқызы (ТарМУ, 216 балл), Мукушева Ханшайым (КарМУ, 201 балл).

Комиссия төрайымы мен барлық мүшелері Олимпиадаға қатысушылар мен сондай-ақ олардың басшыларына өз тілектерін білдіріп сөз сөйледі. Соңғы сөзді кафедраның меңгерушісі Забира Бекешовна ең үздік студенттерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасында және докторантурасында жалғастыруға шақырды.
Марапаттаудан кейін команда жетекшілері мен Олимпиадаға қатысушылар өздерінің алған әсерлерімен және тілектерімен бөлісті. Соның ішінде, С. Торайғыров атындағы ПМУ командасының жетекшісі болашақ психологтардың кәсібилігін бағалауға бағытталған жақсы ойластырылған тапсырмалар үшін Олимпиада ұйымдастырушыларына алғысын білдірді, ал Абай атындағы КазҰПУ командасының мүшесі Жапаров Эльдар олимпиаданың атмосферасына өз таңданысын білдіре отырып, қатысудағы мақсаты өзін тексеруге, өз білімін және практикалық дағдыларын көрсетуге және басқа жоғары оқу орындарынан келген студенттерді көруге және көп нәрсені үйренуге келгенін айтты.

«Психология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік Олимпиада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушыларымен ұйымдастырылды:

Мадалиева Забира Бекешовна - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, психол. ғыл. докторы, профессор; Садыкова Назира Маргушовна - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцент м.а., психол. ғыл. кандидаты; Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна – жалпы және қолданбалы психология кафедра меңгерушісінің ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, психол. ғыл. кандидаты; Кабакова Майра Победовна - профессор м.а., психол. ғыл. кандидаты, Файзуллина Аида Камильевна – аға оқытушы; Мун Мария Владимировна - доцент м.а., психол. ғыл. кандидаты, Тохниязов Расул –1 курс докторанты.

Осы іс-шараның еріктілері мен көмекшілері «Психология» мамандығының студенттері - Ахатай Диана, Нуртаева Данара, Палжігіт Гульнур, Сыздыкова Азиза болды.

Психология бойынша Республикалық пәндік Олимпиада, қатысушылар мен комиссия мүшелерінің пікірлері бойынша, мейірімді және шығармашылық жағдайда, танымдық және кәсіби деңгейді дамыту үшін өтті.

Фотоесеп

Басылым күні :  01.04.2018