«Қоғамдық сананы модернизациялау психологияның басты сұрағы»

20.03.2018 жылы сағат 14.00-де Халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 1 курс студенттерімен ««Қоғамдық сананы модернизациялау психологияның басты сұрағы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара, интеллектуалды диалог-пікір сайысы өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.Қ. Бердібаева.

Тәрбиелік іс-шара «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты елімізге арналған жолдау бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған мақаласы бойынша өткізілді.

Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге ҚР Презиндентінің 12 сәуір 2017 жылы жарық көрген «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» атты мақаласымен таныстырды. Тәрбиелік іс-шара барысында біздің мемлекетіміздің болашағы мен қазіргі жағдайы туралы ақпараттар беріле отырып, студенттерде белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру, патриотизм сезімін тәрбиелеу, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, Қазақстанды модернизациялау туралы ойларды студенттермен бөлісіп, интеллектуалды диалог өз деңгейінде жүзеге асырылды.

Көп ұлтты Қазақстанда татулық пен келісім орнап, көптеген жетістіктерге жеттік, біздің мемлекеттің лидері, Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекетімізді модернизациялауда көп күш жұмсауда. Бүгінгі күні тек бір жеке адам ғана емес ұлттың да өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту арқылы сәттілікке жетуге мүмкіндігі бар.

«Ұлттық-мәдени тамырларға сүйенбей модернизация жақсы жолға қойылмайды, біздің тарихи тәжірибелер мен дәстүрлерге деген құрмет модернизацияның сәтті болуының маңызды шарты, рухани модернизация ұлттық сананы жақсы тұстарымен астасады және ұлттық санадағы өзгерістер» - деген Президенттің пікірлері студенттерге де көп ойлар салды.

Диалог барысында Қазақтанда үшінші модернизация ұлттық құндылықтарды бағалау, сәтті болу, бәсекеге қабілетті болу, сананы өзгерту бағдарламасының басталғаны туралы айтылды. Осы күнге дейін табысты болып жатқан екі модернизация, саясат реформасы мен экономика модернизациясының жалғасы қоғамдық сананы модернизациялау процесіне студенттердің белсенді атсалысуы маңызды. Қоғамдық сананың психологиялық аспектісі жайындағы пікір сайыстар мен диалогтар өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  01.04.2018