«Қалай сәттілікке жетуге болады»
20.02.2018 жылы, сағат 20.00-де Философия және саясаттану факультетінің № 9 жатаханасында факультетіміздің психология бөлімінің 1, 2 курс және 4 курс студенттеріне, сонымен қатар саясаттану бөлімінің 1 курс студенттері қатысқан «Қалай сәттілікке жетуге болады» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.Қ. Бердібаева.
Тәрбиелік семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. тәрбиелік іс-шара барысында сәттілік психологиясының негізгі сұрақтарының бірі сәттілік индексі, сәттілліке жету жолдары, сәттілік және адам өмірі түсінігі жайлы айта келе, оның психологиялық аспектілерін түсіндірді, жастарға аса маңызды болып табылатын сұрақтардың бірі сәтті адам, ол кім, оған калай жетуге болады деген сұрақтарды талдай отырып, сәттілік жайлы бірнеше слайд материалдар және видеофильмдер көрсетілді.
Сәтті адам болу әрбір жаңашыл жастың өмірлік кредосы осыған байланысты профессор Бердібаева С.Қ. өзінің шет елдік ғылыми іс-сапарлары туралы айта келе, әлемдік және халықаралық конгресстерді баяндап, олардың көптеген қызықты фотоларын студенттерге көрсетті.
Тәрбиелік іс-шара барысында студенттер өз ойларын ортаға салып сәттілікке жетудің психологиялық жолдары талқыланды
Сәттілікке жету туралы тәрбиелік мәні жоғары іс-шара өте қызықты өтті және студенттерге қатты әсер етіп, көп ой салды.