Профессор С.М. Жақыпов атындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы

Конкурстың мақсаты - Көрнекті қазақстандық психолог және педагог С.М. Жақыповтың ғылыми мұрасын дамыту және көпшілікке таныту, студент жастардың ғылыми әлеуетін белсендендіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарға тарту.

Конкурсқа Қазақстандық жоғары оқу орындарының «Психология», «Психология және педагогика» мамандығы бойынша оқитын студенттер мен магистранттар қатыса алады.

Конкурсқа студенттер мен магистранттардың мақалалары, баяндамалар, ғылыми-зерттеулері, дипломдық, курстық жұмыстары мен жобалары ұсынылған конкурстың ережесінің талаптарына сай және 2015-2017 жж. аралығында жеке орындалған жұмыстар ұсынылады. Жұмыстар 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) PDF форматында электрондық нұсқада болуы тиіс. Реферат сипатында жазылған жұмыстар қарастырылмайды.

Жұмысты көрсетуде шарттар бұзылған жағдайда байқауға қатысуға қабылданбайды.

Конкурсқа жұмысты қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 15 ақпаннан - 25 сәуір аралығанда psychol.kaznu.2017@gmail.com электронды мекен-жайға, «Тақырып» жолында «С.М. Жақыпов атындағы СҒЖЗ конкурсына жұмыс» көрсетілуі тиіс.

2018 жылғы 27 сәуірде конкурстың қорытындылары таныстырылады және ҚазҰУ әл-Фараби сайтының БАҚ-да

Ақпараттық хат

Басылым күні :  15.02.2018