Ақпараттық хат. Академик Т.Т.Тәжібаевтің туылғанының 108-жылдығына арналған ««Рухани Жаңғыру» ұлтты рухани жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру контекстіндегі қазіргі таңдағы психологиялық ғылым және тәжірибе» Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы

Өтетін күні: 2018 жылдың 23 АҚПАНЫ

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің оқу ғимараты

Ұйымдастырушылары: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, академик Т.Т. Тәжібаев атындағы этнопедагогика және этнопсихология орталығы.

Конференция мақсаты: қазіргі таңдағы психологиялық ғылымның өзекті мәселелерін Т.Т.Тәжібаев идеялары және «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мемлекеттік бағдарламасы контекстінде талқылау және олардың шешімдерін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен және зерттеу тәжірибесімен алмасу; ғалымдар, оқытушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және қызығушылық танытушы тұлғалар арасында ғылыми теориялық және тәжірибелік білімдерді тарату.

Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, психологтар, магистранттар, докторанттар, ЖОО студенттері, іргелес пәндердің (педагогика, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік педагогика және т.б.) мамандары шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

Секциялардың тақырыптары:

  1. Т.Тәжібаев идеялары және «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ұлтты рухани жандандыру бағдарламасы идеяларының контекстіндегі қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық ой
  2. Психологиялық және педагогикалық білім берудің өзекті сұрақтары
  3. Қазіргі таңдағы білім берудің этнопедагогикалық және этнопсихологиялық аспектілері
  4. М.М.Мұқановтың психологиялық мұрасы және оның идеяларының психологиялық-педагогикалық зерттеулерде дамуы
  5. Қолданбалы психологиялық және педагогикалық зерттеулер

Конференцияға қатысу өтініші, электронды түрдегі баяндаманың мәтіні 2018 жылдың 11 ақпанына дейін psychol.kaznu.2017@gmail.com электронды почтасына қабылданады.

Ұйымдастыру жарнасы жариялануымен бірге – 4000 теңге.

Жариялану талаптарын Ақпараттық хаттын қосымшасынан қараңыз. Өтінішсіз және талапқа сәйкес келмеген баяндама жарияланбайды.

Жол ақысы мен тұру ақысы шетелдік және шетелдік қатысушылардың өз қаражаты есебінен.

Конференцияға қатысты сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитет мүшелеріне байланысуларыңызды сұраймыз. Телефондары: +7 (727) 292 57 17 (+2131), + 7 7772068537 (Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна).

Тәжібаевтің конференциясы_Ақпараттық хат

Басылым күні :  18.01.2018