III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2018 «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

2018 жылдың 4-6 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп – 2018 «Психологиялық шеберханалар: денсаулық сақтау, білім беру және өндіріс» өз жұмысын аяқтады.

Мектептің жұмысында 150-ден астам психологтар-кәсіби мамандар әртүрлі білім беру мекемелерден (ЖОО, мектеп, колледждер және орталықтар), денсаулық саласы бойынша, жеке кәсіпорындар, сонымен қатар, студенттер мен магистранттар, докторанттар, Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген оқытушылар: Астана қ., Ақтөбе қ., Семей қ., Қызылорда қ., Тараз қ., Талдыкорган қ., Жезказган қ., Караганды қ., Алматы қ., Жетысай қ., Кентау қ.,ОҚО және де Алматы облыстары қатысты.

Мектептің мақсаты психологиялық қызметтің түрлі салаларындағы мамандардың тәжірибелік білімдерінің кәсіби құзыреттілігін жоғарылату және дамыту.

Қысқы Психологиялық мектептің бағдарламасы әртүрлі және қызықты форматта өтті.

Қысқы Психологиялық мектептің Негізгі мазмұны 17 мастер класстан тұрды:

1) Мадалиева Забира Бекешовна. «Меняя мысли - меняем судьбу» - когнитивно-поведенческая психотерапия (орыс тілінде).

2) Ташимова Фатима Сагымбековна. Психоаналитические технологии работы с клиентами (орыс тілінде).

3) Хусаинова Ильмира Рамазановна. Особенности психологического консультирования пациентов с социально значимыми заболеваниями (орыс тілінде).

4) Камзанова Алтынгуль Тустикбаевна. Технологии современной нейронауки в консультировании и психотерапии (орыс тілінде).

5) Калымбетова Эльмира Кенесовна. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жолдары (қазақ тілінде).

6) Мун Мария Владимировна. Индивидуальные навыки и стратегии стресс-менеджмента (орыс тілінде).

7) Жолдасова Манзура Кенесбековна. Техники арт-терапии в саморегулировании (қазақ тілінде).

8) Багиярова Фатима Арыстановна. Внутренняя интроспекция и проработка собственных переживаний через метод "самосовладания по Асимову" (орыс тілінде).

9) Смирнова Жанат Амантаевна. Авторство жизни в терапевтическом пространстве (орыс тілінде).

10) Айдарбеков Кайрат Анварбекович. Принципы и техники нарративного подхода в психологическом консультировании (орыс тілінде).

11) Оспанова Шолпан Талиповна. Техники личностного роста в гештальтпсихологии (орыс тілінде).

12) Темешев Талгат Телагисович. Техники психодрамы в отношениях «Мужчина-женщина», «Учитель-ученик» және т.б. (орыс тілінде).

13) Полывянная Наталья Владимировна. Танцевально-двигательная терапия в совладании с эмоциями (орыс тілінде).

14) Ризулла Айдана Ризуллаевна. Психологические методы совладания со стрессом(орыс тілінде).

15) Джолдыбаева Жанар Сактапбергеновна. Психологическая помощь детям, пережившим сексуальное насилие (орыс тілінде).

16) Сейтнур Жарас Сейтнурович. Профилактика религиозного экстремизма в молодежной среде (қазақ тілінде).

17) Мадалиева Забира Бекешовна."Art-мастерская" (қазақ, орыс тілінде).

Қысқы психологиялық мектепте оқыту нәтижесі бойынша қатысушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің психологиялық инновация және технология орталығынан кәсіби біліктілікті арттыру туралы 72 акад.сағаттық сертификат берілді.

2018 жылдағы Қысқы Психологиялық мектептің негізі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1) ІІІ-ші Қысқы психологиялық мектеп психологиялық марафон форматында өткізілді. Үш лентада қатысушылар кемінде үш мастер класска қатысып, үш практикалық бағытпен танысуга мүмкіндік алды.

2) Профессор Мадалиева З.Б. практикалық «Арт-шеберхананы» (қазақ, орыс тілінде) откізді. Онда қатысушылар мандалаларды тоқуымен танысты, тастармен жұмыс істеуге, саусак кескіндеумен айналысты.

3) ҚПМ-2018 қатысушылардын арасында былтырғы Қысқы мектеп қатысушылары, оның ішінде лауазымды тұлғалар: университеттердің проректорлары, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, жекеменшік компаниялар директорлары, жеке тәжірибешілер және т.б. бізді қуантып отыр.

III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектептің жабылу салтанатында қатысушылар мектеп ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, қысқы мектепті өткізу дәстүрін жалғастыруға тілек білдірді және 2018 жылдың маусым айында өтетін Жазғы психологиялық мектепте оқуға дайын екендігін білдірді.

Республикалық Қысқы Психологиялық мектеп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының визит карточкасы ретінде болды.

III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектептің ұйымдастырушы комитеті ретінде: жалпы және қолданбалы психология кафедрасы, әл-Фараби атындағы Философия және саясаттану факультетінің «Психологиялық инновация және технология» орталығы.

Психологтардың кәсіби мерекесінің III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектептің негізгі идеясының жігерлендірушісі Философия және саясаттану факультетінің деканы, филос.ғ.д., профессор Масалимова А.Р. болып табылады.

Тікелей ұйымдатырушысы ретінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі психол.ғ.д., профессор Мадалиева З.Б., Психологиялық инновация және технология орталығының директоры, психол.ғ.д., профессор Ташимова Ф.С., және де кафедра оқытушылары Кабакова М.П., Файзуллина А.К., Баймолдина Л.О., Жолдасова М.К., Калымбетова Э.К., Кудайбергенова С.К. болды.

III-ші Республикалық Қысқы Психологиялық мектептің модераторы және де жүргізушісі жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты Ризулла Айдана болды, ҚПМ волонтері ретінде «Психология» мамандығының 4 курс студенті Сагынгалиева Мира қатысты.

Фотоесеп

Басылым күні :  09.01.2018