Айналаңды нұрландыр «Іскер адам имиджі»

08.11.2017 жылы сағат 12.00-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультетінің 1 курс магистранттарымен «Іскер адам имиджі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара семинар өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. магистранттарға нарық уақытының бір көрініс іскер адам психологиясы, бизнес психологиясы және іскер адамның имиджін қалыптастыру туралы көптеген қызықты фактімәлімететрді және психологиялық білімдерді баяндады. Іскер адамның имиджі қазргі жастардағы болашақ мансап жолында ең қажетті әрекеттердің бірі болып саналады.

Адамның имиджін қалыптастырудағы рационалды мінез-құлық , киінудегі дресс код, сөйлеу мәдениеті, әдептілігі, өзін ұстауы сияқты көптеген психологиялық ееркшеліктер туралы айтылды. Келбет психологиясы бойынша шағын тренингті жаттығулар өткізілді, арнайы дайындалған видеолар көрсетілді.

Тәрибелік іс-шара барысында, іскерлік, бизнес психологиясы, экономикалық тәуелсіздік, имидж магистранттар өз ойларын отаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті.

Басылым күні :  21.11.2017