Айналыңды нұрландыр «Мейірімділік асыл қасиет»

07.11.2017 жылы сағат 12.30-да халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 2 курс студенттерімен «Мейірімділік асыл қасиет» тақырыбында тәрбиелік іс-шара семинар өткізілді.

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді. Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге қазақ халқының ұлы құндылықтарының бірі адамның мейірімділік асыл қасиетінің психологиялық аспектілері туралы көптеген құнды әрі тәрбиелік мәні зор жағдайларды және мысалдарды баяндады. Қазіргі нарық заманында қатыгездік қатты белеі алып жатқан уақытта адамдарға мейірімділіктің жетіспеу жақтарына көңіл бөлуге негіз болатын психологиялық тәсілдер туралы айтылды. Студенттердің қарт адамдарға және мүгедек жандарға көмек ретінде психологиялық семинар өткізу ұсынылды.

Тәрибелік іс-шара барысында, адамның мейірімді болуының психологиялық жағышығыс жайлы студенттер өз ойларын отаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды өтті, тәрбиелік іс-шара барысында видеолар көрсетілді.

Басылым күні :  21.11.2017