«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында

11.04.2017 жылы сағат 17.30-де халықаралық қатынастар факультетінің 106 аудиториясында  философия және саясаттану факультеті, психология бөлімінің 1  курс студенттерімен «EXPO-2017: Энергия будущего: инновационные сценарии » тақырыбында  тәрбиелік іс-шара семинар  өткізілді.  

Ұйымдастырушы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры С.К. Бердібаева.

Семинар «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізілді.   Профессор Бердібаева С.Қ. студенттерге  2017 жылы 10 маусымда Астанада өтетін  халықаралық мамандандырылған  «Астана ЭКСПО 2017» көрмесі жайлы және оның еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуындағы рөлінің маңыздылығын айтты.  Экспо-2017 негізгі тақырыбы «Болашақ энергиясы» жайлы әлемдегі негізгі сұрақ  энергияны тұтыну мәселесінің көптеген маңызды жағдайларын талдады.

Семинар барысында  1 курс студенттері Саитбекова Д.  Төребек А. Осы Экспо-2017 көрмесіне волонтер ретінде конкурстан өткендерін мақтанышпен жеткізді. Студенттер  де көрме жайлы өз ойларын отаға салды, психологиялық тәрбиелік іс-шара өте қызықты және мазмұнды  өтті.

Басылым күні :  07.05.2017